Ұлттық банк Александр Македонский бейнеленген монеталарды сатылымға шығарады

Монеталар күмістен жасалған
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі "Ұлы қолбасшылар" сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық банк Александр Македонский бейнеленген монеталарды сатылымға шығарады
Монетаны 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
"Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана", - деп жазылған хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады