https://sputnik.kz/20241121/bas-meshit-pen-fatima-qoly-ulttyq-bank-zhana-kollektsiyalyq-monetalardy-aynalymga-shygarady-48720447.html
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Sputnik Қазақстан
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында қабылданады 21.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-21T21:36+0500
2024-11-21T21:36+0500
2024-11-21T21:36+0500
монета
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35438231_0:0:1500:844_1920x0_80_0_0_ed30238f2248392587cd16b87186b2e4.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ұлттық банк 25 қарашадан бастап ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасын, 28 қарашада FATIMA QOLY монатасын айналымға шығарады.Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің https://kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы сатылады.ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI коллекциялық монетасыASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.FATIMA QOLY коллекциялық монетасыFATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – "Сиқырлы нышандар" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35438231_188:0:1313:844_1920x0_80_0_0_697e541124c0c032217e1e746f898c9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
монета
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында қабылданады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ұлттық банк 25 қарашадан бастап ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасын, 28 қарашада FATIMA QOLY монатасын айналымға шығарады.
Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің https://kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI коллекциялық монетасы
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.
Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
FATIMA QOLY коллекциялық монетасы
FATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – "Сиқырлы нышандар" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.
Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.