АЛМАТЫ, 27 шілде - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Заводинка ауылында аңшылар мен балықшылардың республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген қатысушы жиналды. Онда экология және табиғатты қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
"2012 жылы құрылған аңшылар қауымдастығы қозғалысының бүкіл ел бойынша 500 000-нан астам мүшесі бар. Және белсенді түрде өсіп келе жатыр. Қауымдастық аң аулау және балық аулау мәдениетін дамытып қана қоймай, сонымен қатар браконьерлікпен күресуге, сондай-ақ жастарды экологиялық тәрбиелеуге айтарлықтай үлес қосады", - делінген хабарламада.
Іс-шараға қатысушылар өзара тәжірибемен бөлісті. Садақ ату, тир көздеу және өзге де жарыс түрлеріне қатысты.