Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау тауының бөктерінде "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараға аймақтың бірегей қызғалдақ мұрасын сақтауды талқылау үшін әртүрлі елдердің ғалымдарын, экологтарын және табиғат әуесқойлары қатысты.Тау бөктеріндегі фестивальдің қызықты сәттерін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Облыс аумағында қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау тауының бөктерінде "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараға аймақтың бірегей қызғалдақ мұрасын сақтауды талқылау үшін әртүрлі елдердің ғалымдарын, экологтарын және табиғат әуесқойлары қатысты.
Тау бөктеріндегі фестивальдің қызықты сәттерін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Жамбыл облысы қызғалдақ түрлерінің алуан түрлілігі бойынша Қазақстан аймақтарының арасында көш бастап тұр. Аймақта қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
"Қызғалдақ мұра" фестиваліне облыс тұрғындары ғана емес, Германия, Украина, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келген қонақтарды да қатысты.
Қатысушылар қатарында экожүйелер бойынша сарапшылар, ЮНЕСКО, консулдық және дипломатиялық корпустардың өкілдері, парламент мәжілісінің депутаттары, министрліктердің өкілдері де бар.
Фестиваль аясында ашық аспан астындағы спорттық жарыстар, интерактивті алаңдары бар этноауыл, қолөнершілер көрмесі, "Қымызмұрындық" рәсімі – алғашқы қымыздың дәмін тату ұйымдастырылды.
300-ге жуық қатысушы аударыспақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, жілік шағу, дәстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тарту және желке тарту секілді спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Көпшіліктің қызығушылығын тудырған бәсекенің бірі – құмай тазы жарысы. Сайыс ережесіне сәйкес төрешілер ең жылдам әрі шапшаң тазыларды анықтап, үздіктерді марапаттады.
Шара аясында ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 150 ісмердің жүннен жасалған киімдер, қыз жасаулары, тұрмыстық бұйымдар мен қолмен тоқылған ойыншықтар көпшілік назарына ұсынылды.
"Қызғалдақ – ұлттық мақтаныш пен мәдени мұраның символы. Дәл осы жерден, қазақ даласында оның тарихы басталып, дүние жүзіне таралып, ол голландиялық бақтарды қоса алғанда, әлемдік бақтардың сәніне айналды. Бұл туған жеріміздің ұлылығы мен байлығының жарқын көрінісі", - деді фестивальде сөйлеген сөзінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.
Бірнеше елдің Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдағын жұлғаны үшін елімізде 3000 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы шамамен 12 млн теңге), 800 сағат қоғамдық жұмыс немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.