АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Павлодарда BMW жүргізушісі мас күйінде көшені жарықтандыру бағанасына соғылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
27 шілдеге қараған түні Павлодар қаласында BMW маркалы автокөлік жол апатына түсті.
"Жүргізуші мас күйде рөлге ие бола алмай, көше жарығы бағанын соққан. Оқиға қаланың тұрғын аудандарының бірінде болды. Соққы салдарынан көлік қатты зақымданды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ", - дейді ведомство.
Қзіргі уақытта тергеу жүргізілуде.