Қылмыстың басым бөлігі мас күйде жасалады - министрлік

CC0 / / Қылмыстың басым бөлігі мас күйде жасалады - министрлік
Қылмыстың басым бөлігі мас күйде жасалады - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
Ішімдікпен күресу бастамаларын жүзеге асырып жүрген белсенділер мен әкімдіктерді ынталандыру ұсынылды.
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Республика бойынша маскүнемдікке қарсы күрес шеңберінде ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің қозғалысы кеңейтілетін болады. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.
Қазіргі уақытта ішімдіктен бас тартқан елді-мекен саны 400-ден асады. Осындай бастамаларды жүзеге асырып жүрген белсенділер мен әкімдіктерді ынталандыру ұсынылды. Өйткені, бүгінде кісі өлтірудің жартысынан көбі, әрбір үшінші бұзақылық және төртінші тонау қылмысы мас күйде жасалады.
Ведомствоаралық комиссия сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және психологиялық көмек көрсету, оның ішінде құқық бұзушыларға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мәселелерін қарады.
"Соңғы үш жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша өтініштер саны 35%-ке азайған. Бұл ретте 2025 жылдың басынан бергі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ке төмендеу байқалады. Отбасылық-тұрмыстық қылмыстар саны 34,9%-ке қысқарды", - деді ІІМ.
Премьер-министр оң динамикаға қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі елдің отбасылық-демографиялық саясатында өзекті болып қалып отырғанын атап өтті.
"Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты қоғамда қандай да бір зорлық-зомбылыққа, қол сұғушылыққа жол берілмейтінін білдіреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз заңнаманы күшейттік. Әйелдер мен балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікті қатаңдаттық", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балалар мәселесі де талқыланды.
Білім министрлігіне мұндай кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және қолдау тетігін әзірлеу тапсырылды. Олжас Бектенов отбасын қолдау орталықтары желісін дамытудың, тиімді цифрландырудың және барлық ведомстволардың тұрмыстық қылмыстарға қарсы күресте күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс соңында Премьер-министр жергілікті атқарушы органдарға рақымшылыққа іліккен азаматтарды кешенді бейімдеуді, сүйемелдеуді және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоса алғанда, рецидивтердің алдын алуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақмола облысында мас күйінде ұлына дене жарақатын келтірген әкеге сот үкімі шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2025
Ақмола облысында мас күйінде ұлына дене жарақатын келтірген әкеге сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0