Қостанайда 87 көпқабатты үй ыстық сусыз қалды

Жылу трассасында жарылыс болған
Sputnik
АСТАНА, 26 шілде– Sputnik. Қостанай қаласында жылу трассасындағы апат салдарынан 87 көпқабатты тұрғын үйге уақытша ыстық су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қостанай жылу энергетикалық компаниясының мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы бойымен өтетін диаметрі 500 мм ТМ-2 жылу магистралінде ақау салдарынан жүздеген тұтынушы ыстық судан уақытша ажыратылды.
"Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ыстық сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру және қайта іске қосу 26 шілде күні сағат 18:00-ге дейін жоспарланған", – делінген ресми хабарламада.
Коммуналдық кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауға шақырды.
Қостанай облысында жауапсыз мердігердің кесірінен 2000-ға жуық адам ауыз сусыз қалды