Қостанай облысында жауапсыз мердігердің кесірінен 2000-ға жуық адам ауыз сусыз қалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуВода
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2024
Жазылу
Прокуратура араласқаннан кейін 89,4 млн теңге мемлекетке қайтарылды
АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Қостанай ауданында 89,4 млн теңгенің су құбыры тартылмаған, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасы.
Московское ауылындағы 2000-ға жуық халық қазіргі күні ауыз суды құдықтан ішіп отыр. Ал прокуратура ауылдағы ауыз суға қатысты мемлекеттік сатып алу туралы заң өрескел бұзылғанын айтты.
"Аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 859,6 млн теңгеге Московское ауылында су құбырын салуға шарт жасалған. Шарт бойынша нысан былтыр 20 шілдеде тапсырылу керек болған. Алайда мердігер ұйым іс жүзінде жұмыс істемеген, салдарынан шарт біржақты тәртіппен бұзылған", - дейді облыстық прокуратура.
Заң талаптарына қарамастан, тапсырыс берген құрылыс бөлімі мердігерден қаржыны мемлекет кірісіне өндірмеген. Аудан прокуратурасының араласуынан кейін сот тәртібімен 89,4 млн теңге мемлекетке қайтарылды.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2024
Батыс Қазақстанда 129 ауылда ауыз су жоқ
Жаңалықтар
0