Тоқаев 29 шілдеде Түркияға ресми сапармен барады

Ердоған қазақстандық көшбасшыны Анкараға шақырды
Sputnik
АСТАНА, 25 шілде-Sputnik. 29 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Сапар барысында Анкарада мемлекет басшыларының қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер өтеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті