Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги Турциии и Казахстана
Флаги Турциии и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Жазылу
Мемлекет басшылары бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшылары бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.
"Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.
Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Жаңалықтар
0