АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Талдықорғандағы Ескелді би мен Қаблис жырау көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
"Ол тыйым салу сигналын елемей, Toyota көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жатқызылды", - дейді ведомство.
Әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушы заң бойынша жауапқа тартылады, деді полиция.