АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. Ұлттық құрама Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Қазақстан құрамасы Францияда өткен IPhO-2025 физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
© Photo : оқу-ағарту министрлігі
Биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысқан. Қазақстандық оқушылар бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль иеленді.
Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы - күміс медаль иегері;
Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы - күміс медаль иегері;
Әмір Пішенбаев — Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы - қола медаль иегері;
Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы - қола медаль иегері;
Артур Ким — Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы - қола медаль иегері.
Қазақстан құрамасы Францияда өткен IPhO-2025 физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
© Photo : оқу-ағарту министрлігі
Команданың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.