Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

© Photo : Министерство просвещения РКҚасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Жазылу
Оқушылардың жеңісі Қазақстан үшін тарихи жетістік болды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы олимпиада жеңімпаздарына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстандық оқушылар Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.
"Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!" – деп жазды президент.
Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік жас химиктері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік жас химиктері атанды
Жаңалықтар
0