АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. ЕАЭО-да жүк және жолаушылар тасымалы артты, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Биыл қаңтар-мамыр айларында жолаушылар ағыны өскен, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ке көп.
Ұлттық көрсеткіштер де өсті:
Қазақстан - 12,9%;
Беларуссия - 6,8%;
Қырғызстан - 5,6%;
Ресей - 1%.
Жүк тасымалына келер болсақ, бес айдың қорытындысы бойынша Қазақстан көшбасшы атанды. Республика жүк тасымалын 13,6%-ке арттырды, көшбасшылар үштігіне кірді:
Қазақстан - 13,6%;
Қырғызстан - 10,8%;
Армения - 0,1%.
Одақ бойынша көрсеткіш 0,5%-ке өсті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.