Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан Еуроодақ Украинаға қанша қаржы жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты

Sputnik
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Келесі жеті жылдық бюджеттік циклде Еуроодақ Украинаға 360-370 миллиард еуро жұмсауды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
"Брюссельдің жоспарына сәйкес, Украина жеті жыл ішінде 360-370 миллиард еуро қолдау алады... Бұл Венгрияның зейнетақы төлеміне жыл сайын жұмсайтын сомасынан 18 есе көп және бұл қолдаудың бір бөлігі венгриялық жарнадан түседі", - деді Орбан Kossuth радиосының эфирінде.
Оның айтуынша, Брюссель ұйымға мүше мемлекеттерге бөлінетін субсидия көлемін қайта қараса, ең көп шығынды фермерлер көреді, ал Украинада жұмыс істейтін трансұлттық корпорациялар ұтады.
Венгрия премьер-министрі бұған дейін Еуропа мен АҚШ Украинаға жалпы сомасы 310 миллиард еуро жұмсағанын және бұл "қорқынышты" сома екенін мәлімдеді.
Егер бұл ақша еуропа экономикасына салынғанда еуропалықтар бүгінгіден әлдеқайда жақсы өмір сүрер еді, "ғажайыптар жасауға" болар еді, бірақ бұл ақша "өртеніп кетті", деді Орбан.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Тараптардың ұстанымы бір-бірінен өте алыс": Ыстанбұлда қандай келісім жасалды