Ресейде 49 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ Амур облысының көгінде ұшып бара жатқанда байланысқа шықпай қалған
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Ішінде 49 адам болған. Оның 5 бала және 6 экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Амур облысының көгінде ұшып бара жатқанда байланысқа шықпай қалған. Желіде тараған видеода ұшақтың фюзеляжы түсірілген.
Қазіргі кезде ұшақ апатының себебі анықталуда. Техникалық ақау немесе адам факторы болуы мүмкін. Ытимал себептерінің екі нұсқасы қарастырылуда", - деп хабарлады ТАСС Ресей Федерациясының көлік басқармасының берген мәліметіне сүйеніп.
Үндістандағы ұшақ апаты: бір жолаушы аман қалды