ҚТЖ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобасына 605,5 млн доллар қарыз алады

Кредит мерзімі – үш жыл
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобаларын іске асыру үшін синдикатталған қарыз алатыны туралы хабарлады.
Синдикатталған кредит – бұл бірнеше (топ) кредит берушінің қарыз алушыға берген кредиті.
Компания 480 миллион швейцариялық франкке немесе 326,2 миллиард теңгеге (605,5 миллион доллар) дейінгі келісімге қол қойды, мерзімі – үш жыл.
Кредит мәселесі бойынша ҚТЖ Abu Dhabi Commercial Bank және Deutsche Bank-пен келісімге келді.
"Синдикатталған қарыз қаражатына "Мойынты – Қызылжар" учаскесін салу, Трансқазақстандық теміржол дәлізінің негізгі жобаларын аванстау, теміржол желісінің шамадан тыс жүктелген учаскелерін жаңғырту, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның бұрын тартылған міндеттемелерін қайта қаржыландыру жоспарланған", - деп хабарлады компания.
Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту - Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтуда стратегиялық маңызға ие.
Дәліз салынса инфрақұрылымдық жобалар іске асып, жүкті жеткізу мерзімі қысқарады. Логистикалық шығындар азайып, өңірлерде жаңа жұмыс орындары құрылады. Сондай-ақ сыртқы сауда маршруттары әртараптандырылады.
Сырдария арқылы жарты шақырымдық теміржол көпірі салынады