АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Ыстанбұлда Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кіріспе сөзінен кейін Ресей мен Украина арасындағы келіссөз Чираган сарайында жабық режимде жалғасып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина делегациясын елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров басқарады.
Бұған дейін Мәскеудегі дереккөз Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің жаңа кезеңі аясында делегациялар бейбітшілік орнату туралы меморандум жобасы бойынша пікір алмасатынын және бірқатар гуманитарлық мәселені талқылайтынын хабарлаған болатын.
Ыстанбұлдағы келіссөз сәрсенбі күні аяқталады деп жоспаланып отыр.