https://sputnik.kz/20250530/ukraina-boyynsha-memorandum-mazmuny-zhariya-etilmeydi---peskov-54112422.html
Украина бойынша меморандум мазмұны жария етілмейді - Песков
Украина бойынша меморандум мазмұны жария етілмейді - Песков
Sputnik Қазақстан
Ол екі тараптың меморандумдары Ыстанбұлдағы кезекті келіссөз барысында талқыланады деген көзқарасымен бөлісті 30.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-30T15:37+0500
2025-05-30T15:37+0500
2025-05-30T15:46+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39858013_0:129:3072:1857_1920x0_80_0_0_9d7b7f00556520af2ed925be8d403f7a.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ресейлік меморандум жобасының мазмұны жария етілмейді, деп мәлімдедеі РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Сәрсенбі күні Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров ресейлік тарапқа Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты көзқарас бар меморандум жобасын бергенін мәлімдеді.Сонымен қатар Песков Ресей мен Украина меморандумдарының жобалары Ыстанбұлдағы келіссөздердің екінші раунды барысында талқыланады деп үміттенетінін жеткізді."Меморандумның екі жобасы да, ресейлік және украиналық, келіссөздердің екінші раунды барысында талқыланады деп үміттенеміз. Ол талқылауларға Ресей делегациясы дүйсенбі күні таңертең Ыстанбұлда дайын болады", - деді Песков журналистерге.Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Украинаға ұсынылып отырған келіссөздердің мақсаты - қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүдделерін қамтамасыз ету. Ресей делегациясы Ыстанбұлға 15 мамырда барғанымен, екі ел өкілдері арасында байланыс болған жоқ. Кездесу келесі күні болып, екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Ресей делегациясына жетекшілік еткен Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Мәскеу мен Киев болашақта атысты тоқтату туралы өз көзқарастарын ұсынуға келісті деп мәлімдеді. Мединский Ресейдің Украинамен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін айтты.
https://sputnik.kz/20250402/kiev-uaqytsha-moratoriydi-saqtamay-otyr--peskov-52150519.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39858013_222:0:2953:2048_1920x0_80_0_0_b8b66f8167d0c6282f43342c043ff950.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина бойынша меморандум мазмұны жария етілмейді - Песков
15:37 30.05.2025 (жаңартылды: 15:46 30.05.2025) Ол екі тараптың меморандумдары Ыстанбұлдағы кезекті келіссөз барысында талқыланады деген көзқарасымен бөлісті
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ресейлік меморандум жобасының мазмұны жария етілмейді, деп мәлімдедеі РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
Сәрсенбі күні Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров ресейлік тарапқа Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты көзқарас бар меморандум жобасын бергенін мәлімдеді.
"Әрине, ештеңе жария етілмейді, мұны жария ету дұрыс емес", - деді Песков журналистерге осы жөніндегі сұраққа жауап беріп.
Сонымен қатар Песков Ресей мен Украина меморандумдарының жобалары Ыстанбұлдағы келіссөздердің екінші раунды барысында талқыланады деп үміттенетінін жеткізді.
"Меморандумның екі жобасы да, ресейлік және украиналық, келіссөздердің екінші раунды барысында талқыланады деп үміттенеміз. Ол талқылауларға Ресей делегациясы дүйсенбі күні таңертең Ыстанбұлда дайын болады", - деді Песков журналистерге.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Украинаға ұсынылып отырған келіссөздердің мақсаты - қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүдделерін қамтамасыз ету.
Ресей делегациясы Ыстанбұлға 15 мамырда барғанымен, екі ел өкілдері арасында байланыс болған жоқ. Кездесу келесі күні болып, екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Ресей делегациясына жетекшілік еткен Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Мәскеу мен Киев болашақта атысты тоқтату туралы өз көзқарастарын ұсынуға келісті деп мәлімдеді. Мединский Ресейдің Украинамен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін айтты.