Қазақстанда Ұлттық жүк әуе компаниясы құрылады

Үкімет жоба тиімді болу үшін кепілдендірілген отынмен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Қазақстанда Ұлттық жүк әуе компаниясы құрылады. Алғашқы рейстер 2026 жылдың басында басталады, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ұлттық холдингі.
Алдымен үш ұшақ жалға алынады, содан кейін флот онға дейін кеңейтіледі.
Үкімет жоба тиімді болу үшін кепілдендірілген отынмен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов дайындықты жеделдетуді тапсырды.
Қазір әлемдік жүк тасымалының шамамен 15%-і еліміздің әуе кеңістігі арқылы өтіп, жылына 58 миллион тоннаға жуық жүк тасымалданады.
Бектеновтың айтуынша, жаңа әуе тасымалдаушы транзиттік жүктерді көбірек тартады. Сондай-ақ авиациялық тасымалдаудың әлемдік нарығында Қазақстанның позициясын нығайтады.
Биыл Қазақстаннан 10 елге әуе рейстері іске қосылады