Тоқаевтың тапсырмасы: Алматыдағы балалар үйінде тексеріс басталды

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінде тексеріс басталды. Президент әкімшілігінің мамандары Алматыға жол тартқан. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен президент әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті", - деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік парақшасында.
Күні кеше резонанс болған "Бағанашыл" балалар үйіндегі жағдай президент назарына ілінген болатын. Бұл мәселеге қатысты президент балаларды Бағанашылда қалдыруды тапсырып, балалар үйін Қонаевқа көшіруге тыйым салды.
Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді - Тоқаев тапсырма берді