eGov Mobile мобильді қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды

Өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болады
Sputnik
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. eGov Mobile қосымшасында әскери оқу орындарына қайта қабылдау қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін бұл қызмет тек eGov.kz порталында болған. Енді eGov Mobile мобильді қосымшасына шығарылып отыр. Соның арқасында кез келген адам өтінішті смартфонмен жібере алады.
"Қызмет кемінде бір семестр білім алған әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттарына арналған. Өтініш цифрлық форматта беріледі, ал қажетті деректердің басым бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Алайда өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болатынын ескеру қажет", - дейді мамандар.
Қызметті пайдалану тәртібі:
eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өту қажет;
"Қызметтер" – "Әскери есепке алу" бөліміне өту;
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау" қызметін таңдау;
оқу орны мен оқудан шығарылған мерзім туралы ақпаратты көрсету;
жеке деректерді өңдеуге келісім беру;
қажетті құжаттарды жүктеу керек;
ЭЦҚ немесе баламалы тәсілдер арқылы өтінішке қол қою.
Қызмет тегін ұсынылады, мерзімі – 20 жұмыс күні. Ал өтінішті қарау нәтижесі "Жеке кабинет тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.
Жүргізушілер 073/е анықтамасын енді eGov Mobile қосымшасы арқылы ала алады