"Бонус аласың": Ұлытауда қаржы пирамидасын құрған әйел сотталып кетті

Ол азаматтарды электронды валютаға инвестиция салып, бонустар аласыңдар деп алдаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 22 адамды алдап соққан әйелге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Қылмыстық істі Жезқазған қалалық соты қарады.
"Былтыр наурыз-желтоқсан айлары аралығында сотталушы компания кеңсесінде кездесулер өткізген. Жаңа қатысушыларды тіркеп, компания жүйесінде аккаунттар құрып және "Telegram" мессенджері арқылы үгіт материалдарын таратқан", - дейді ведомство.
Ол азаматтарды электронды валютаға инвестиция салып, бонустар аласыңдар деп алдаған. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды