АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Павлодар облысында әлеуметтік бағдарламаға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Павлодар облысы Успен ауданында баспана алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға бөлінген бюджет қаражаты ұрланған.
"Успен ауданы карьерлік орталығы" филиалы мамандары бағдарламаға қатысушыларды алдаған.
"Мәселен, қоныс аударушыларға сатып алынған тұрғын үйдің құны жартылай төленеді. Ең жоғары төлем шегі 4 000 000 теңге болған. Сотталушылар төмен бағамен үй табуды талап етіп, ал сатып алу-сату келісімшартында бағасын екі есе жоғары көрсеткен", - дейді ведомство.
Қоныс аударушылар айыпталушылардың айтқан бағасын көрсетіп, үстінен түскен ақшаны "Бағдарлама шарттары аясында" деп көрсетіп, жауапты маманға берген. Қылмыстық схема салдарынан мемлекетке 144 000 000 теңге залал келтірілді.
Екі айыпталушынының бірі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, ал екішісі 3 жылға шектелді", - дейді облыстық прокуратура.