"Алматы жастарына" өтінім берген 2 мыңға жуық тұрғын баспаналы болды
Жазылу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. "Алматы жастары" бағдарламасының жеңімпаздар анықталды. Биыл тұрғын үй бағдарламасына 7072 өтінім келіп түскен.
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін "Алматы жастары" бағдарламасына өтінім қабылдаған болатын.
Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 заем беру жоспарланған.
Жастардан келіп түскен 7072 өтінімнің салалар бойынша бөлінісі:
— Денсаулық сақтау — 1662;
— Білім беру — 2434;
— Мәдениет — 430;
— Спорт — 129;
— ЖОО мен ҒЗИ — 717;
— Журналистер — 123;
— Әлеуметтік сала — 352;
— Құқық қорғау органдары — 538;
— Коммуналдық қызметтер — 433;
— Жұмыс істейтін жастар — 254.
— Білім беру — 2434;
— Мәдениет — 430;
— Спорт — 129;
— ЖОО мен ҒЗИ — 717;
— Журналистер — 123;
— Әлеуметтік сала — 352;
— Құқық қорғау органдары — 538;
— Коммуналдық қызметтер — 433;
— Жұмыс істейтін жастар — 254.
Алматы әкімдігі мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім мақұлданғанын хабарлады.
Мақұлданған өтінімдер мынадай:
— Денсаулық сақтау — 456;
— Білім беру — 662;
— Мәдениет — 165;
— Спорт — 42;
— ЖОО мен ҒЗИ — 196;
— Журналистер — 57;
— Әлеуметтік сала — 40;
— Құқық қорғау органдары — 170;
— Коммуналдық қызметтер — 105;
— Жұмыс істейтін жастар — 31.
1200 өтінім беруші "Отбасы банк" АҚ-нан төлем қабілетінен өту үшін жолдама алады.
— Білім беру — 662;
— Мәдениет — 165;
— Спорт — 42;
— ЖОО мен ҒЗИ — 196;
— Журналистер — 57;
— Әлеуметтік сала — 40;
— Құқық қорғау органдары — 170;
— Коммуналдық қызметтер — 105;
— Жұмыс істейтін жастар — 31.
1200 өтінім беруші "Отбасы банк" АҚ-нан төлем қабілетінен өту үшін жолдама алады.
Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілетін бағалаудан өту үшін "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
Төлем қабілетін растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішінде алғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.
724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілетін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты қайтарылды.
Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т. б.