АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) Вашингтондағы кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ қазақстандық екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой карьерасындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Джеймс Бэкон алтыншы рет жеңіліске ұшырап отыр.
Айта кетейік, бұл Елеусіновтің кейінгі 4 жыл 8 айдағы АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі болды. Данияр АҚШ-та соңғы рет 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.