"Әлдекімдер атымды пайдаланды": Елеусінов жалақы дауына қатысты пікір білдірді

© Photo : Казахстанская федерация бокса Данияр Елеусінов
 Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Олимпиада чемпионы спорт мектебінен бір жыл бойы алып келген еңбекақысын толықтай кері қайтарып, жұмыстан шығып кеткен
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Белгілі спортшы Данияр Елеусінов 80 мың теңге жалақының соңына шам алып түскендердің әрекетіне ренжулі. Мұны өзіне қарсы қасақана ұйымдастырылған әрекет санайды, деп хабарлады КТК.
"Менің атымды қолданғаны үшін ғана ренжідім. Ол жерде мәселе болған жоқ. Жаңа команда бұрынғы команданың орнына келгісі келгендіктен болған дүние ғой. Менің атымды қолданып кетті десе де болады. Бұл менің жеке пікірім. Жұмыстан шығып кеттім, ол жерде көп болған жоқпын. Қайтарып бердім. Көп ақша емес, 200 млн емес, 2 млн теңге", - деді Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов.
Айта кетері, таяуда ғана Данияр Елеусіновтің Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып келгені туралы ақпарат тараған. Өзіне қатысты айыптаудың ақ-қарасын ашып айтпаған былғары қолғап шебері араға бір ай салып даулы тақырыптың нүктесін қойған.
Олимпиада чемпионы спорт мектебінен бір жыл жартылай штаттық негізде алып келген еңбекақысын толықтай кері қайтарып, жұмыстан шығып кетті. Қазір спортшы елге оралған. "Уақытша ма, әлде біржола қаламын ба, кейін белгілі болады" дейді ол. Дегенмен кәсіпқой бокстан қол үзбеген.
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2018 жылы өткізген еді. Содан бері ол жеті рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен, үш кездесуді нокаутпен ұтқан.
Жаңалықтар
0