АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Алматыда ұлттық қолданбалы өнерге арналған "Аламан құрақ – 2025" бірегей мәдени жобасы өтті.
Жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 660 қолөнер шебері қатысып, жалпы ауданы 1366 шаршы метр құрақ көрпе жасады. Бұл нәтиже ресми түрде Global Book of Records-та әлемдік рекорд ретінде тіркелген.
Бұл құрақ көрпе жасау қазақ өнеріне арналған алғашқы әлемдік рекорд. Рекордтық жобаның авторы – Аягөз ауданынан Нұргүл Абай. Оның бастамасының арқасында әлемде теңдесі жоқ бірегей мәдени жоба іске асырылды.
Жобаның мақсаты - әлемге қазақ аналарының бірлігін, құрақ құрау өнерінің ерекшелігін және ұлттық мұраның құндылығын көрсету.