АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Қазақстанда 11,4 млн тонна мал азығы дайындалды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Биыл малға арналған дақылдар 3,3 млн гектарға егілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға артық.
"Жалпы қысқы маусымға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем-шөп, 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған", - дейді ведомство.
18 шілдедегі жедел деректерге сәйкес, өңірлерде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде 10,6 млн тонна шөп дайындалды. Бұл - жоспардың 43,4%-і және 740 мың тонна сенаж (43,5%) әзірленген.
Ведомство мал азығымен қамтамасыз ету ахуалы тұрақты және министрліктің бақылауында дейді.