Қызылорда облысында мал азығы дақылдарын кәріз суымен суару жоспарланып отыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2024
Жазылу
Ғылым мен өндірісті ұштастырған жоба идеясы өңірдегі су тапшылығынан туындаған
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Қызылордада кәріз жүйесінен шыққан сарқын сумен мал азығы дақыларын суару жоспарланып отыр. Ол үшін отандық ғалымдар ойлап тапқан күріш сабанынан алынатын белсендірілген көмір қолданылады, деп хабарлады 24.kz.
Былтыр егінге су жеткізуге қиналған елді мекендер қатарында Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылы да болды. Мұнда күріш пен мал азығы дақылын тіршілік нәрімен қамту үшін бірнеше су айдау құрылғысын пайдалануға тура келген. Жер тегістеуге арналған италиялық технологияның да тиімділігі мол болды.
Соңғы жылдары Сырдария өзенінің деңгейі төмендеп, өңірде су үнемдеудің түрлі әдіс-тәсілі қолға алына бастады. Тамшылату, жаңбырлатудан бөлек алқаптарды кезекпен суаруға да көшкендер бар. Енді кәріз жүйесіндегі лас суды мал азығы дақылын суаруға қайта пайдалану жоспарланып отыр. Бұл технологияны отандық ғалымдар ойлап тапты.
"Лабораториялық зерттеу нәтижесінде күріш қалдығының сабанынан белсендірілген көміршығару арқылы осындай сүзгілерді жасап, лас суды тазартып, пайдалануға болатындығы дәлелденіп отыр", - деді техникағылымдарының докторыСерікбай Өмірзақов.
Құны 750 миллион теңге болатын жобаны еліміздің Ғылым комитеті қаржыландырады. Күріш сабанынан әзірленген белсендірілген көмір арқылы жасалатын сарқын суды тазарту қондырғысы Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі кәріз суын биотазалау стансасына орнатылады.
"Мал азығы ретінде жоңышқа, түйежоңышқа, қантқұмайы секілді өсімдіктерді егіп көріп, оның өнімділігіне, құрамына қалай әсер етенінін талдаймыз. Осылас суларменсуару барысындағы оның топыраққа әсеріде зерттеледі", - деді техника ғылымдарының кандидатыЖанұзақ Байманов.
Жоба аясында кәріз жүйесінен шыққан лас судың жағымсыз иісін жойып, жасыл желекке қосымша су қорын әзірлеуге мүмкіндік туады. Жобаға отандық және шетелдік профессорлармен қатар мемлекеттік мекеме мамандары, жас ғалымдар мен студенттер де қатысады.
Жаңалықтар
0