АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жол апатынан көлік өртеніп, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Орал – Озинки" тас жолында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болған сәтте рөлге ие бола алмай, оның артқы бөлігіне соғылған.
Соққы салдарынан көлік жанып кеткен. Оқиға орнында жүргізуші мен үш жолаушысы қаза тапты.