Қарағандыда жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен жас жігіт көз жұмды

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Жазылу
Марқұм күзет саласының қызметкері болған
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Қарағанды күзет қызметімен айналысатын мекеме қызметкері жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 10 шілдеде сағат 10:30 шамасында Қарағандының Төлепов және Жилстроевская көшелерінің қиылысында болған.
"Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 25 жастағы Lada Granta жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Оның жолаушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жасалып жатыр.
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Жаңалықтар
0