Қазақстанда Samsung-тің тұрмыстық техникасы шығарылады

Теледидар мен кір жуғыш машина өндірісі осы жылдан басталмақ
Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Биылдан бастап Қазақстанда Samsung-тің тұрмыстық техникасы шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 270 мыңнан астам тұрмыстық техника өндірілген болатын.
"Осы жылдан бастап елімізде Samsung брендімен теледидар мен кір жуғыш машина өндірісі басталады. Бұл импортты алмастыру, оқшаулауды арттыру және Қазақстан аумағында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бағытындағы маңызды қадам болмақ", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, үкіметте өткен отырыста көлік шығару мәселесі де қаралды. Қазір Қазақстанда JAC, Chevrolet, KIA, Lada, Jetour, Hongqi, Skoda, Hyundai және Genesis брендтерін шығаратын екі автозауыт жұмыс істейді. Биыл тағы екі жаңа кәсіпорын — Алматыдағы мультибренд зауыты мен Қостанайдағы KIA зауыты іске қосылады. Алматыда CHANGAN, Haval және CHERY сияқты брендтердің автомобильдерін шығару жоспарланып отыр.
Осылайша, 2025 жылы 147 824 автомобиль шығарылады деген болжам бар.
Биыл отандық автокөлік өндірісі 149 мыңға дейін артады