АСТАНА, 17 шілде-Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЕАЭО–ға мүше мемлекеттерде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3% - ке артқанын хабарлады.
Жалпы көлемі 45 492 мың шаршы метрді құрады.
Бұл жағдайда өсім байқалды:
Армения - 53,6%;
Қырғызстан – 22,2%;
Беларусь - 12,1%;
Қазақстанда - 6,8%;
Ресей - 5,7%.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ресей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің пайдалануға берілген тұрғын үйлерінің жалпы көлемінің 85,1% құрады. Кейінгі орындарда:
Қазақстан - 10,7%;
Беларусь – 2,5%;
Қырғызстан – 1,2%;
Армения - 0,5%.