ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 10 жылда екі есе өсті

© Sputnik / Тимур БатыршинФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің жалпы ішкі өнімі 10 жылда екі есе өсті. Бұл туралы Беларусь экономика министрі Юрий Чеботарь Еуразиялық экономикалық форумда айтты.
Оның пікірінше 2014 жылы ЕАЭО құру туралы мемлекет басшылары бекіткен ережелер жақсы нәтиже берді.
"Оң нәтиже бар, оны сандар растайды: ЖІӨ екі есеге жуық өсті", - деді Чеботарь.
Министр бұл өте маңызды көрсеткіш екенін, оның деңгейі халықтың әл-ауқатын айқындайтынын атап өтті.
"Біз оны (Еуразиялық экономикалық одақ – Sputnik) азаматтарымыз жақсы өмір сүрсін деп құрдық", - деп толықтырды Чеботарь.
Министр басқа да оң нәтижелердің қатарында өзара инвестицияның 1,3 есе өскенін, сондай-ақ тауар айналымының 2 есеге жуық артқанын атады.
26 және 27 маусымда Минск халықаралық көрме орталығында Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Оған 2,7 мыңнан астам адам тіркеліп, оффлайн және онлайн форматта қатысуды жоспарлап отыр.
Касым-Жомарт Токаев прилетел в Минск на Евразийский экономический форум - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Тоқаев Минск қаласына барды
Жаңалықтар
0