Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров Вашингтон Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымын білетінін мәлімдеді

Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Вашингтон Ыстанбұлдағы келіссөзде Мәскеудің Украина мәселесіне қатысты ұстанымын жақсы біледі, бұл формат сарқылған жоқ, деп мәлімдеді РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Америкалық әріптестеріміз біздің ұстанымымызды жақсы біледі. Біз оларға бұл туралы, "форматты сарқа пайдалану" жөнінде айттық. Ол сарқылған жоқ", - деді Лавров ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуден кейін журналистерге Украина жақын арада Еуропа елдерінен Patriot әуе қорғаныс жүйесін алатынын айтты. Бұған қоса, АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянс АҚШ-тан Киевке жеткізілетін қару-жарақ ақысын төлейтінін мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп АҚШ-тың Украинаға Patriot кешендерін жіберу жоспарын жариялады