https://sputnik.kz/20250714/tramp-aqsh-tyn-ukrainaga-patriot-keshenderin-zhiberu-zhosparyn-zhariyalady-55617553.html
Трамп АҚШ-тың Украинаға Patriot кешендерін жіберу жоспарын жариялады
Трамп АҚШ-тың Украинаға Patriot кешендерін жіберу жоспарын жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. АҚШ Украинаға Patriot кешендерін жібереді. Бұл туралы президент Дональд Трамп журналистерге Нью-Джерсиден Вашингтонға қайтып бара... 14.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-14T10:15+0500
2025-07-14T10:15+0500
2025-07-14T10:15+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54456330_0:0:3244:1824_1920x0_80_0_0_5f2fba63aca2e8a9d7feef7382de6061.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. АҚШ Украинаға Patriot кешендерін жібереді. Бұл туралы президент Дональд Трамп журналистерге Нью-Джерсиден Вашингтонға қайтып бара жатқан жолда айтты.Ақ үй басшысының айтуынша, Вашингтон Киевке әртүрлі әскери техниканы жібереді, бірақ Украина оның құнын төлейді.Сонымен бірге Трамп қақтығысты шешу қарқынына көңілі толмайтынын білдірді. Ол Ресей басшылығынан тек "әдемі сөздер" естіп жүргенін атап өтті.Жұма күні АҚШ президенті NBC News телеарнасына дүйсенбі күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты, бірақ оның мазмұнын ашпады.Axios порталының хабарлауынша, бұл шабуылдау қаруын, атап айтқанда, алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды жеткізу туралы болуы мүмкін.Мәскеу Батыс елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізу ештеңені өзгертпейтінін, тек қақтығысты ұзартатынын бірнеше рет ескерткен. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО бұл текетіреске әскери техника мен керек-жарақ жөнелту арқылы ғана емес, сонымен қатар кадр дайындау арқылы да тікелей қатысып жатқанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250705/tramp-ukrainadagy-zhagdaydyn-sheshimin-tapqysy-keletinin-aytty-55412107.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54456330_0:0:2432:1824_1920x0_80_0_0_6fad50bf8c89e6a2f2491b999bd66608.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп АҚШ-тың Украинаға Patriot кешендерін жіберу жоспарын жариялады
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. АҚШ Украинаға Patriot кешендерін жібереді. Бұл туралы президент Дональд Трамп журналистерге Нью-Джерсиден Вашингтонға қайтып бара жатқан жолда айтты.
"Біз оларға өте қажет Patriot кешендерін жібереміз", - деді ол.
Ақ үй басшысының айтуынша, Вашингтон Киевке әртүрлі әскери техниканы жібереді, бірақ Украина оның құнын төлейді.
Сонымен бірге Трамп қақтығысты шешу қарқынына көңілі толмайтынын білдірді. Ол Ресей басшылығынан тек "әдемі сөздер" естіп жүргенін атап өтті.
Жұма күні АҚШ президенті NBC News телеарнасына дүйсенбі күні Ресейге қатысты маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты, бірақ оның мазмұнын ашпады.
Axios порталының хабарлауынша, бұл шабуылдау қаруын, атап айтқанда, алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды жеткізу туралы болуы мүмкін.
Мәскеу Батыс елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізу ештеңені өзгертпейтінін, тек қақтығысты ұзартатынын бірнеше рет ескерткен. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО бұл текетіреске әскери техника мен керек-жарақ жөнелту арқылы ғана емес, сонымен қатар кадр дайындау арқылы да тікелей қатысып жатқанын мәлімдеді.