Ақтөбе облысында 17 жылда 12 баланы дүниеге әкелген отбасыға баспана берілді

Бұл ҚМДБ-ның "Зекет және қайырымдылық" қорынан Республика бойынша берілген 845-ші баспана
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Шалқар қаласында тұратын көпбалалы отбасыға баспана сыйға тартылды.
Ақтөбе облысында 12 баласы бар отбасыға баспана берілді
ҚМДБ-ның "Зекет және қайырымдылық" қорынан Республика бойынша 845-ші баспана кілті 12 баланың ата-анасы Азамат Хадимжанның отбасына табыс етілді.
"Бас мүфтидің бастамасымен жүзеге асырылған игі шараның басты мақсаты — әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдау, ел ішіндегі қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру және қоғамның ортақ іске жұмылуына ықпал ету. Сонымен қатар бұл бастама арқылы Ислам дінінің бауырмалдық, мейірімділік сынды асыл құндылықтарын насихаттау", - дейді Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі.
Баспанаға ие болған 34 жастағы 12 баланының анасы Айым Сүйеуқұлова 18 жылдан бері үй шаруасына ден қойып, бала тәрбиесімен айналысып келеді. Жолдасы 39 жастағы Азамат Хадимжан – жеке мекемеде күзетші болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылардың үлкені – 18 жаста, ал кенжесі — Мұхаммед-Әли 1 жарым айлық сәби.
"Туа бересің деп сөгеді": Ақтөбе өңірінің тұрғыны 34 жасында 12-ші сәбиін дүниеге әкелді