"Туа бересің деп сөгеді": Ақтөбе өңірінің тұрғыны 34 жасында 12-ші сәбиін дүниеге әкелді

© SputnikАқтөбе облысының тұрғыны 34 жасында 12-ші сәбиін дүниеге әкелді
Ақтөбе облысының тұрғыны 34 жасында 12-ші сәбиін дүниеге әкелді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
12 құрсақ көтерсем де күйзеліс дегенді білмеппін, дейді алтын құрсақты ана
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны Айым Сүйеуқұлова 34 жасында 12-ші сәбиін дүниеге әкелді. Көпбалалы анамен Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесті.
© Photoақтөбе облысының тұрғыны 34 жасында 12-ші баласын дүниеге әкелді
34 жасында 12-ші баласын дүниеге әкелді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
ақтөбе облысының тұрғыны 34 жасында 12-ші баласын дүниеге әкелді
Азамат Хадимжан мен Айым Сүйеуқұлова тұңғыштарын 17 жасында дүниеге әкеліпті. Мектепті бітірген жылы сүйген жігітіне тұрмысқа шыққан. Отбасында егіздері де бар. Ол 24 мамырда 12-ші сәбиін өмірге әкелді.
"Жолдасым өте тамаша жан. Отбасында ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды, десе де менің ер-азаматыма жетер жан жоқ. Қазтелерадиода күзетші болып еңбек етеді, жалақысы 47 мың теңге. Екі күн жұмыс, екі күн демалады. Сол демалысында құрылыста жұмыс істейді", - дейді Айым Сүйеуқұлова.
Баламыздың санын, отбасылық жағдайымызды айтып, мемлекеттен көмек сұрамадық, дейді көпбалалы ана.
Ақтөбе облысының тұрғыны 34 жасында 12-ші баласын дүниеге әкелді
34 жасында 12-ші баласын дүниеге әкелді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Ақтөбе облысының тұрғыны 34 жасында 12-ші баласын дүниеге әкелді
"Баланы тусақ өзіміз үшін. Ешқашан не мектепке, не әкімдікке барып алақан жайған емеспіз. Бізді білетіндерден сұрасаңыз болады, балаларымның киімі көк, қарыны тоқ. Жалғыз баласын үлпілдетіп баққан жандардан еш кем емеспіз", - дейді батыр ана.
Отбасының үлкені студент, болашақ педагог. Үйде 5 қыз, 7 ұл бар. Айым күйеуіне наз айтып, сыйлық та сұрап көрмеппін дейді.
"Күйеуімнің қасымда аман жүргенінің өзі бақыт қой. Сыйлық сұрап наз айтып көрмеппін. Әлеуметтік желіде мені туа беретін әйел деп сөгеді. Балаларым Алланың бізге берген несібесі. Болашақта да Алла бала берсе тастамаймын, бермесе қақсамаймын", - дейді көпбалалы ана.
12 құрсақ көтерсем де күйзеліс дегенді білмеппін, дейді алтын құрсақты ана.
"Өмір ешқашан тәтті бола бермейді. Отбасыларға айтарым шыдау керек, сыйласу керек. Ер азаматтарды қадірлеу керек", - дейді 12 баланың анасы Шалқар ауданының тұрғыны Айым Сүйеуқұлова.
Талдықорғанда 23 көп балалы отбасы баспаналы болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Талдықорғанда 23 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Жаңалықтар
0