АЛМАТЫ, 15 шілде - Sputnik. Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны 70%-ке артты, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлінді.
“Жаңа оқу жылынан бастап Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті алғаш рет "Гидромелиорация" мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр. Биыл су саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны төрт есе өсті”, - дейді су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директоры Ләззат Жүсіпова.
Мамандардың айтуынша былтыр тәжірибеден өткен студенттер саны 82 болса, биыл бұл көрсеткіш 339-ға жеткен.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтарына бір жыл бұрын 618 грант бөлінген болатын.