АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов доллар бағамы мен девальвацияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үкімет республикалық бюджетке доллар бағамын енгізіп қойған. Ол мұнай бағасына байланысты болады.
"Базалық сценарий бойынша мұнайдың бір баррелі 60 доллар тұрса, доллардың бағамы 540 теңге болады. Пессимистік сценарий де бар. Мұнайдың бағасы 50 долларға дейін төмендесе, басқа механизмдер іске қосылады. Дегенмен базалық сценарий сақталады деп ойлаймыз", - деді Бектенов үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, девальвацияға негіз жоқ.
"Девальвацияны күтіп отырған жоқпыз. Теңге бағамы күрт әлсіремейді", - деп атап өтті Бектенов.