Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20 пайызға азайған

2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 маман бітіреді деп болжануда
Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Республиканың денсаулық сақтау саласында медицина кадрларының тапшылығы проблемасын шешуде оң динамика байқалады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Мәселен, 2023 жылмен салыстырғанда дәрігерлердің тапшылығы 20%-ке, ал орта медицина персоналының тапшылығы 7%-ке қысқарған.

"Қазақстанда дәрігерлермен және орта медицина персоналымен қамтамасыз ету экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түседі. 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 маман бітіреді деп болжануда. Олардың үштен екісі өңірлік бөлу бойынша медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасатын болады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өңірлерге кадрлар тарту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, тапшы мамандықтар бойынша ауылға 5 жылдан астам мерзімге баратын 254 дәрігер жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын 100 ЕТЖ мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алған.
Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған стипендиялар орта есеппен 20%-ке ұлғайтылды.
"Өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, бакалавриат пен резидентураға 5000-нан астам білім беру гранттары бөлінді. Резидентурада "Педиатрия" мамандығы және арнайы балалар мамандарын даярлау үшін 14 жаңа мамандық енгізілді, бұл білікті кадрлардың тапшылығын жоюға ықпал етеді", - дейді министрлік.
Өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға азайды