Қарағанды облысының 12 ауылдық округінде модульді ветеринариялық пункттер салынып жатыр

2024–2025 жылдары пункттерді салуға 243 миллион теңге бөлінген
Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Жаңа модульді ветеринариялық пункт Абай ауданының Көксуын ауылдық округінде ашылды.
Бұл нысан 2021–2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында бой көтерді. Мақсат – ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту және ауылдық жерлерде көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру.
Қарағанды облысында модульді ветеринариялық пункттер салынуда
Жаңа ветеринариялық пункт заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы малдарына кәсіби деңгейде алдын алу, вакцинация, диагностика, емдеу және жоспарлы тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді.
2024–2025 жылдары облыстың 12 ауылдық округінде осындай пункттерді салуға 243 миллион теңге бөлінді.
Батыс Қазақстанда ауылдағы ветеринар мамандарға 100 жаңа көлік табысталды