Перизат Қайраттың қорын құруға Байбек тапсырма берді ме - сотта мән-жайы жарияланды

Сотта Перизат Қайрат алдымен қор құрылтайшыларынан жауап алуды ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Перизат Қайрат басқарған “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық қорының құрылуына қатысты мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі сотта Перизат Қайрат алдымен қор құрылтайшыларынан жауап алуды ұсынды. Себебі қоғамдық қор Байбектің тұсында құрылды. Сотқа алдымен қордың бұрынғы құрылтайшысы Сергей Матюшенко келді. Оның айтуынша, сол кездегі “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек “Жас Отанды” жинап, жиналыс өткізген. Оған Перизат Қайрат та қатысты.
“Ол жиналыста Байбек “Жас Отанға” қарайтын волонтерлік қозғалысты құру қажеттігін айтты. Қазақстанның әрбір аймағында волонтерлік орталық болуы қажет, олар халыққа шұғыл көмек беруі керек деді. Осы мәселе ғана айтылды. Бірақ бөлек бір бөлек бір заңды тұлғаны құруға тапсырма берілген жоқ”, - деді Матюшенко.
Ал жиналыстан кейін Перизат Қайраттың өзі “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық қорын құруға бастама көтерді. Құрылтайшыларды да өзі іздеді.
“Перизат маған қоңырау шалып, қоғамдық бірлестік құрылайын деп жатыр, хаттаманы алып келем деді. Сосын Арсланбекке, басқасына айта аласың ба деп сұрады. Мен ешкімге хабарласқан жоқпын. Ақыры Перизат бәріне өзі звондап шықты. Сосын менің кеңсеме келіп, хаттаманы көрсетті. Мен оның волонтерлік қызметін көргенмін. Ол кезде 18 жастамын ғой, жастық максимализм де бар. Сөйтіп, бірінші хаттамаға қол қойдым. Ал екінші хаттамада менің қолым емес, анық көрініп тұр”, - деп атап көрсетті Матюшенко.
Ал Перизат Қайрат қоғамдық қорды басқа мекенжайға тіркеуді “Жетпісбаев, ал Жетпісбаевқа Қырықбаев тапсырғанын” мәлімдеді.
Айта кетері, Сергей Матюшенко волонтер болды. Одан кейін “Жас Отанда” (бұрынғы “Нұр Отан” партиясының жастар қанаты - Sputnik) жұмыс істеді. Астанадағы “Amanat” партиясының Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы болды.
"Ол кезде Байбек басқарды": Перизат Қайрат қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрады