https://sputnik.kz/20250714/ol-kezde-baybek-basqardy-perizat-qayrat-qor-quryltayshylarynan-zhauap-aludy-surady-55623665.html
"Ол кезде Байбек басқарды": Перизат Қайрат қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрады
"Ол кезде Байбек басқарды": Перизат Қайрат қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Халықтың қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат өзі басқарған қордың құрылтайшыларын атады, деп хабарлайды Sputnik... 14.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-14T12:55+0500
2025-07-14T12:55+0500
2025-07-14T12:55+0500
бауыржан байбек
перизат қайрат
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49264745_45:34:771:442_1920x0_80_0_0_1801fb765843cf5418cb1343fb3a335d.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Халықтың қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат өзі басқарған қордың құрылтайшыларын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінгі сот отырысында Қайрат алдымен "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының құрылтайшыларынан жауап алуды талап етті.Айта кетері, бүгін Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі со отырысы басталды. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.Тергеу мәліметінше ол қайырымдылықтың негізгі бөлігіне қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Күдікті алаяқтық жолмен 3,5 млрд теңгені жымқырған. Ал оның анасы ақшаны шығаруға көмектескен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49264745_105:0:705:450_1920x0_80_0_0_9a87cf3700fe3ea008fd15ee1a2b3565.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бауыржан байбек, перизат қайрат
бауыржан байбек, перизат қайрат
"Ол кезде Байбек басқарды": Перизат Қайрат қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрады
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Халықтың қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат өзі басқарған қордың құрылтайшыларын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі сот отырысында Қайрат алдымен "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының құрылтайшыларынан жауап алуды талап етті.
"Осы іс бойынша жауап алуды қор құрылтайшыларынан бастаса екен деймін. Себебі айыптау актісінде қорды мен және менің анам ғана құрды деп айтылған, біз қолтаңбаларды қолдан жасағанымыз жайлы айтылған. Ал қор партия кезінде құрылды. Ол кезде партияны Бауыржан Байбек басқарды. Менен басқа құрылтайшылардың барлығы бұрын партияда жұмыс істеген, қазір жұмыс істейтіндері де бар", - деді Қайрат бүгінгі сот отырысында.
Айта кетері, бүгін Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі со отырысы басталды. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.
Тергеу мәліметінше ол қайырымдылықтың негізгі бөлігіне қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Күдікті алаяқтық жолмен 3,5 млрд теңгені жымқырған. Ал оның анасы ақшаны шығаруға көмектескен.