Алматыда көгалдандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады

Жаңа орталықтың қызметкерлері тек көгалдандыру мәселесімен айналысып, қажетті жерлерді өздері аралап, жедел түрде проблемалық аумақтарды анықтап отыруға тиіс
Sputnik
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алматыда көгалдандыру мен абаттандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала басшысы Дархан Сатыбалды Алматыда жасыл желек пен жайлы қала ортасын қалыптастыруға жауапты арнайы кәсіпорын құруды тапсырды. Әкімнің айтуынша, жаңа орталықтың қызметкерлері тек көгалдандыру мәселесімен айналысып, қажетті жерлерді өздері аралап, жедел түрде проблемалық аумақтарды анықтап отыруға тиіс.
Ведомство хабарлауынша, үшінші тоқсанның басынан бері Алматыда тазалық пен көгалдандыруға бағытталған 30-ға жуық іс-шара өтіп, оған 3 мыңнан астам тұрғын атсалысты.
"TazaQazBot онлайн платформасы арқылы қала тұрғындары 4 мыңнан астам өтініш пен ұсыныс жолдаған. Түгендеу барысында 16 мыңнан астам қураған және апатты жағдайдағы ағаш анықталып, соның 5 мыңнан астамы кесіліп, тазартылды", - деп жазылған хабарламада.
Автоматты суару жүйесіне де айрықша көңіл бөлініп отыр. Мониторинг барысында 56 учаскеде проблема анықталды.
Алматыда 53 мыңнан астам ағаш отырғызылады