https://sputnik.kz/20250712/almatyda-kogaldandyru-zhauapty-biryngay-ortalyq-qurylady-55581393.html
Алматыда көгалдандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады
Алматыда көгалдандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады
Sputnik Қазақстан
Жаңа орталықтың қызметкерлері тек көгалдандыру мәселесімен айналысып, қажетті жерлерді өздері аралап, жедел түрде проблемалық аумақтарды анықтап отыруға тиіс 12.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-12T09:16+0500
2025-07-12T09:16+0500
2025-07-12T09:31+0500
алматы
абаттандыру
https://sputnik.kz/img/1383/22/13832238_0:63:1198:737_1920x0_80_0_0_fa5e0fb91f11440bf9b0a20a1d5dfa30.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алматыда көгалдандыру мен абаттандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Қала басшысы Дархан Сатыбалды Алматыда жасыл желек пен жайлы қала ортасын қалыптастыруға жауапты арнайы кәсіпорын құруды тапсырды. Әкімнің айтуынша, жаңа орталықтың қызметкерлері тек көгалдандыру мәселесімен айналысып, қажетті жерлерді өздері аралап, жедел түрде проблемалық аумақтарды анықтап отыруға тиіс.Ведомство хабарлауынша, үшінші тоқсанның басынан бері Алматыда тазалық пен көгалдандыруға бағытталған 30-ға жуық іс-шара өтіп, оған 3 мыңнан астам тұрғын атсалысты.Автоматты суару жүйесіне де айрықша көңіл бөлініп отыр. Мониторинг барысында 56 учаскеде проблема анықталды.
https://sputnik.kz/20250709/almatyda-53-mynnan-astam-agash-otyrgyzylady-55505100.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1383/22/13832238_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_63a3de85404aaaffcf935adaa012275e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, абаттандыру
Алматыда көгалдандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады
09:16 12.07.2025 (жаңартылды: 09:31 12.07.2025) Жаңа орталықтың қызметкерлері тек көгалдандыру мәселесімен айналысып, қажетті жерлерді өздері аралап, жедел түрде проблемалық аумақтарды анықтап отыруға тиіс
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алматыда көгалдандыру мен абаттандыруға жауапты бірыңғай орталық құрылады, деп хабарлады
қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала басшысы Дархан Сатыбалды Алматыда жасыл желек пен жайлы қала ортасын қалыптастыруға жауапты арнайы кәсіпорын құруды тапсырды. Әкімнің айтуынша, жаңа орталықтың қызметкерлері тек көгалдандыру мәселесімен айналысып, қажетті жерлерді өздері аралап, жедел түрде проблемалық аумақтарды анықтап отыруға тиіс.
Ведомство хабарлауынша, үшінші тоқсанның басынан бері Алматыда тазалық пен көгалдандыруға бағытталған 30-ға жуық іс-шара өтіп, оған 3 мыңнан астам тұрғын атсалысты.
"TazaQazBot онлайн платформасы арқылы қала тұрғындары 4 мыңнан астам өтініш пен ұсыныс жолдаған. Түгендеу барысында 16 мыңнан астам қураған және апатты жағдайдағы ағаш анықталып, соның 5 мыңнан астамы кесіліп, тазартылды", - деп жазылған хабарламада.
Автоматты суару жүйесіне де айрықша көңіл бөлініп отыр. Мониторинг барысында 56 учаскеде проблема анықталды.