АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны әскерге кетіп бара жатып, пойыз перронынан қашып кеткен, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Оқиға 25 мамыр сағат түнгі 00:30 шамасында, Түлкібас теміржол станциясында болған. Перронда әскерге шақырылған досымен қоштасқан тұрғын полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсыласқан. Ал әскерге бара жатқан жігіт осы сәтті пайдаланып, пойыздан қашып кетеді.
"Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза кесудіы сұрады. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 667-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды", - дейді ведомство.
Сот оған 117 960 теңге әкімшілік айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енді.