Қорғаныс министрінің орынбасары кімдер әскерден босатылатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Қазақстан азаматтары 18-27 жас аралығында әскери қызметке шақырылады
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары әскерден босатылады. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте Қазақстанда жұмыс істейтін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы туралы келісімге енгізілген өзгерістер қаралды. Депутаттар хатшылықта істейтін азаматтарға қандай жеңілдік берілетінін сұрады. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, хатшылық қызметкерлері әскерден босатылады.
"Қазақстан Республикасының азаматтары 18-27 жас аралығында әскери қызметке шақырылады. Ал елімізде ратификацияланған халықаралық келісімшарт заңнан жоғары тұрғандықтан және ол адамдар еліміз үшін маңызды қызмет атқаратындықтан, хатшылық қызметкерлері сол жерде жұмыс атқаратын уақытта әскери қызметтен босатылады. Онымен қоса, хатшылықта қызмет атқарып жатқан азаматтарымыз әскери-техникалық мектепте ақылы түрде 40 күндік әскери дайындықтан өтеді",-деді Жазықбаев.
Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы туралы келісімге енгізілген өзгерістерді мақұлдады.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Әке болайын деп жүрген азаматтар әскерден босатылады
Жаңалықтар
0