АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматы тауларында бір апта бойы іздестірілген жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Үйінен тауға кетіп сол күйі із-түссіз жоғалған Нұрислам Ақылбектің мәйіті табылды.
"Із-түзсіз жоғалған жас жігіт өлі күйде табылды. Зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, 2 шілдеде 17 жастағы жасөспірім үйінен шығып, тауға бет алған. Содан бері табылмаған. Баланы тіздеуге төтенше жағдайлар министрлігі, полиция өкілдері мен еріктілер шыққан болатын.